Алдағы бес жылда жолаушылар вагондары толық жаңартылады

Автор: Алмас Ерсін

2022-2025 жылдар аралығында ұлттық тасымалдаушы вагондар паркін 255 жаңа жолаушылар вагонымен және 18 электр пойызымен толықтырды

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

2030 жылға дейін жолаушылар вагондары паркі толық жаңартылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан темір жолы» АҚ мәліметінше 2025 жылдың желтоқсанында Астана қаласындағы отандық «Штадлер Қазақстан» зауытында жасалған 51 заманауи вагон жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

«2030 жылға дейін паркке осындай 557 вагон қосылады. Жаңа вагондар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ыңғайлы эргономика және заманауи инженерлік шешімдермен ерекшеленеді», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ЗИКСТО» ЖШС-нен тағы 100 жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отыр.

2022-2025 жылдар аралығында ұлттық тасымалдаушы вагондар паркін 255 жаңа жолаушылар вагонымен және 18 электр пойызымен толықтырды.