Қазақстанда доллар бағамы арзандап келеді

Автор: Асыл Арман

KASE: Доллардың орташа бағамы 535,13 теңгені құрады

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 535,13 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,64 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 8 қыркүйектегі ресми бағамы – 537,91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 536,33 теңге, сату бағамы – 538,28 теңге. Ал Астанадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 533,35 теңгеге сатып алып, 538,5 теңгеге сатады.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысында доллар бағамы 0,95 теңгеге, 3 қыркүйекте 0,55 теңгеге қымбаттаса, 4 қыркүйекте 0,09 теңгеге, ал 5 қыркүйекте 2,11 теңгеге арзандаған еді.