Түркістанда туған баласынан қорлық көрген қарияның көз жұмғаны расталды - оның ұлы асаба болған (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ал баласы қазір қамауда отыр

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамның видеосы жұрттың жағасын ұстатқан еді. Қарт әкенің көз жұмғанын полиция растады, хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкесін аяусыз ұрған Алмас Садақбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асаба әрі музыкант деп жазған. Оның парақшасын тауып алған жұрт суретінің астына төрт мыңнан астам пікір жазған.

«Ауылым – алтын бесігім» дейді ғой. Бірақ сен ауылына қара дақ түсіріп, атын әлемге жаман жағынан танытып жатырсың, жауыз. Сендей адамның осы ауылда дүниеге келіп, осы қара жерді басып жүргенінің өзі үшін қара жердің өзі лағнет айтып, жиреніп жатқан шығар. Не десе де, саған бәрі арзан, бәрі аз сияқты. Саған соғыстардың, қарғыстардың бәрі де тие берсін. Әйеліңмен бірге ұру керек сені, өздерің де ұл өсіріп отырсыңдар. Алла бәрін алдыңа әкеледі ғой. Сен түрмеден әлсіреп шыққанда, балаң сені дәл осылай ұрады», - деп жазған олар.

Полиция хабарлағандай, қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.