Ол АҚШ, Қытай және Еуропаның үздік оқушыларын артта қалдырды
Астанадағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан Грекияда өткен EO-2025 халықаралық экономика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды. Ол АҚШ, Қытай және Еуропаның үздік оқушыларын артта қалдырды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .
Биылғы олимпиадаға әлем бойынша 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді. Ұлттық кезеңнен өткендердің ішінен 28 елден 128 үздік оқушы финалға жолдама алды.
Финалда қатысушылар экономика мен қаржы саласындағы:
Батырхан барлық кезеңнен сенімді өтіп, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
Бұл жеңіс – Батырханның алғашқы табысы емес. Соңғы жылдары ол бірнеше ірі жарыста көзге түсті:
Ал EO-2025 олимпиадасындағы жеңіс – оның ең жоғары жетістігі болып отыр.
«Мен үшін бастысы – жаңа нәрсені үйрену, күрделі тапсырмаларды шешу және өзімді дамыту. Жетістіктерім арқылы замандастарымды шабыттандырғым келеді», – деді Батырхан Мұхтархан.