Роза Әлқожа отбасылық қуанышын YouTube арқылы көпшілікке көрсететінін айтты

Автор: Алмас Ерсін

Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері, деп жазды әнші

Фото: Instagram/roza_alqozha

Әнші Роза Әлқожа жұбайымен отасқанына 25 жыл толғанын, осыған орай күйеуі екеуі күміс тойын өткізуге шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отағасы Айдын Қаба 8 қыркүйекте 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз. Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік! Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең - қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік», - деп жазды Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол келе алмағандар тойды Roza Alkhoja деген YouTube арнадан тегін тамашалай алатынын атап өтті.

«Сілтемесін кейін саламыз», - дейді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн көруге тіркеу ашып, жұрттың сөзіне қалған еді