Өрт 30 минутта сөндірілді
6 қыркүйек күні таңертең Ақтаудағы «Caspi Bitum» битум зауытында өрт шықты. «ҚазМұнайГаз» компаниясының хабарлауынша, сағат 08:05-те атмосфералық колоннаға апаратын құбырда от тұтанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесі іске қосылып, мамандардың жедел әрекеті нәтижесінде өрт 08:32-де толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге:
Компанияның ресми мәлімдемесінде «Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ» деп хабарланды.