БҚО-да мемлекетке 56 млн теңге шығын келтірген экс-шенеунік сотталып кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жол құрылысына қатысты заңбұзушылықтар анықталды

Фото: istockphoto.com

Сырым ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде жол құрылысы барысында бірқатар заңбұзушылық белгілі болды. Бұл заңсыздықтарға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы жол берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

56 млн теңгеден астам залал келтірген

Тергеу материалдарына сәйкес, экс-басшы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 56 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Сот шешімі күшіне енді

Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Прокуратураның хабарлауынша, сот үкімі заңды күшіне енді.