Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсер етеді – найзағаймен бірге жаңбыр жауады.
«6 қыркүйекте солтүстік-батыста, 7-8 қыркүйекте солтүстікте, 8 қыркүйекте шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады», – делінген синоптиктер болжамында.
Температуралық фон бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі: