Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты

Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді», деп жазды Президент Twitter парақшасында. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.