Мас жүргінші жолдың белгіленбеген жерінен өткен
Павлодар қаласында мас адам жолды кесіп өтемін деп көлік астына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 4 қыркүйек күні Павлодар қаласында М.Жүсіп көшесінде болған. Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргінші мас күйінде жүріп, жолдың белгіленбеген жерінен өткен.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.