Алматыда меморган ғимаратының бір бөлігі 19 жыл бұрын жекеменшікке заңсыз өтіп кеткен

Автор: Мөлдір Қазыбай

Прокуратура оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының бір бөлігі заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алмалы ауданының прокуратурасы ауданы 486 м² болатын әкімшілік ғимараттың бір бөлігін заңсыз жекешелендірілгенін анықтады.

2006 жылы ғимарат төмендетілген бағамен «БибиДана» ЖШС-ге сатылып, ол өз кезегінде мүлікті «Саяхат» әуе компаниясы» АҚ-ға өтеусіз берген.

«Соттың шешімімен прокуратураның мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды (заңды күшіне енді).

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қайтарылған ғимаратқа бағалау жүргізуде», - делінген прокуратура хабарламасында.