Таулы жерлерде мемлекеттік жер қоры аумағында құрғақ шөп өртенді
Алматы облысындағы Үшқоңыр тауларында бірнеше күнге созылған өрт әрең дегенде сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округінің Жандосов ауылының маңындағы таулы жерлерде мемлекеттік жер қоры аумағында құрғақ шөп өртенді.
Сөндіру барысы 60-80 градусқа дейінгі беткейлері бар таулы рельеф, екпіні 15-20 м/с дейін болған қатты желмен күрделенді.
«Алматы облысы, Алматы қаласы және жергілікті атқарушы органдар ТЖД құтқарушыларының үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.