Темекі бұйымдарын заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді
ҰҚК Қазақстан шекарасы арқылы 325,5 мың қорап темекі өткізілмек болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың тамызында ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментімен темекі бұйымдарының ірі партиясын өткізу пунктінен тыс жерде Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды.
«Алдын ала бағалау бойынша құны 146 млн теңгеден асатын 325 500 қорап темекі тәркіленді.
Ұсталған адамдар мен тәркіленген тауар әрі қарай қарау үшін тиісті органдарға берілді», - делінген ҰҚК хабарламасында.