Матч «Астана-арена» стадионында өтті
Футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльспен күш сынасып, 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана-арена» стадионында өткен матчта жалғыз голды қонаққа келген команда сапынан 24-минутта Киффер Мур салды.
Осыдан кейін қос команда арасында алма кезек шабуылдар өрбігенмен есеп өзгеріссіз қалды.