Шымкентте көлігімен есірткі таратып жүргендер ұсталды

Автор: Асыл Арман

Олардың көлігінен 2 келіден астам синтетикалық есірткі табылды

Фото: freepik.com

Шымкентте синтетикалық есірткі таратып жүргендердің жолы анықталып, күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы тұрғыны мен жергілікті азамат ұсталды

Жедел шара барысында Алматы тұрғыны басқарған көліктен 2 келіден астам синтетикалық есірткі табылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғынның үйінен 200 грамнан асатын психотроптық зат тәркіленді.

Қылмыстық іс қозғалды

Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысу ауыр қылмыс екенін және қатаң жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.