Оқиға бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Павлодар облысында жол апатынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 қыркүйекте Сұлужан – Екібастұз автожолында Nissan Terrano көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан екі жолаушы қаза тауып, жүргізушісі зардап шекті.
Оқиға бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде абай болуды және көліктің техникалық жай-күйін үнемі қадағалауды ескертеді.