Оралда көпқабатты үйдің төбесіне шығып алған ер адам құтқарылды

Автор: Асыл Арман

Ол осылайша өз өміріне қауіп төндірді

Фото: istockphoto.com

Орал қаласында полицейлер көпқабатты үйдің төбесіне шығып алып, өзіне қауіп төндірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарлама түскен сәттен жедел қызметтер оқиға орнына аттанды. Алғаш болып жеткен патрульдік полиция қызметкерлері – взвод командирі Дамир Қазыханов, инспекторлар Нұрсұлтан Жаңабаев пен Ерлік Ерсайынов төбеге көтеріліп, азаматпен сөйлесіп, сенімге кіріп жағдайды тұрақтандырды. Кейіннен оның әкесі де келіп, қолдау көрсетті.

Полиция мен туысының көмегі арқасында азамат қауіпсіз жерге түсіріліп, медициналық көмекке жүгінді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ, ол ата-анасына тапсырылды.