Ақтөбе облысында парақорлардан қайтарылған ақшаға фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

Автор: Асыл Арман

Байғанин ауданында жаңа медициналық нысан ашылды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында парақорлардан қайтарылған ақшаның есебінен Байғанин ауданыа қарасты Ноғайты ауылында 40 адамға арналған фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа пункт ауыл тұрғындарына дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, дәрігер тағайындауларын толық орындауға, алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықты иммундау сияқты маңызды қызметтер де осы жерде атқарылады.

«Қайтарылған қаражат елді мекендердегі әлеуметтік нысандарға бағытталып, халықтың өмір сапасын жақсартуға пайдаланылып жатыр», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.