БАҚ беттерінде мұнай өндіру көлемі артқаны туралы ақпарат тарады
Қазақстан Энергетика министрлігі 2025 жылдың тамыз айында мұнай өндіру тәулігіне 1,712 млн баррельді құрағанын растады. Бұл шілдемен салыстырғанда 48 мың баррельге аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство бірқатар БАҚ-тағы «өндіру көлемі артты» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен ОПЕК+ ұйымына мүше тағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіруді ұлғайтатыны хабарланған болатын.