Жүк көліктерінің экологиялық талаптарға сай келмейтіні анықталды
Бас көлік прокуратурасы елге жалған құжат арқылы Қытайда шығарылған жүк көліктерін кіргізу арнасын әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәліметке сүйенсек, жүргізілген талдау нәтижесінде құны 150 млн теңгеден асатын экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктері Қазақстанға жалған құжатпен әкелінгені анықталған.
Аталған факті бойынша Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қылмыстық іс қозғап, кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуде.