Қазіргі уақытта өзен суының сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде
Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Чкалов ауылында Жайық өзенінің бір шеті жап-жасыл түске боялып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Махамбет ауданының Чкалов ауылында Жайық өзені жасыл түске боялғаны туралы бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып отыр.
Атырау облысы бойынша Экология департаментінің хабарлауынша, су түсінің өзгеруі – табиғи балдырлардың көбеюінен болған құбылыс. Тексеру барысында техногендік ластану белгілері анықталған жоқ.
Қазіргі уақытта өзен суының сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.