Қазір іске қатысты төрт күдікті ұсталды
Жамбыл облысында психотроптық заттарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ мәліметінше, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздік бөлімшелері ұзақ уақыт бойы Алматыдан Жамбыл облысына психотроптық заттарды жеткізіп жүрген топты анықтау үшін арнайы операция жүргізді.
Тараз қаласындағы бірнеше дәріханадан мына заттар тәркіленді:
Төрт күдікті ұсталды. Олардың ішінде Тараз қаласының 59 жастағы тұрғыны 2023 жылдан бастап тыйым салынған препараттарды жеткізу мен таратуды ұйымдастырып, оны дәріхана бизнесінің астарында жасырып келгені анықталды.
Күдіктілер кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау және ұстау шаралары жүріп жатыр.
Мұндай арнайы операциялар – азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған ішкі істер органдарының жүйелі жұмысының бір бөлігі.