Павлодар облысында жыл басынан бері ондаған адам жол апатынан қаза тапты

Автор: Асыл Арман

Өткен демалыс күндері үш жол апаты тіркелді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларының салдарынан 42 адам қаза тауып, 998 адам жарақат алды. Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен демалыс күндері үш апат тіркелді

  • «Железинка – Михайловка» трассасында мотоцикл жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетті. Жолаушы зардап шекті.
  • «Атамекен – Иртышск – Русская Поляна» тасжолында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті.
  • «Павлодар – Семей» автожолында Chevrolet Cruze жүргізушісі екі жылқыны соғып, көлікке зақым келтірді.

Төрт жолаушы ауруханаға түсті

Жол апаттарының салдарынан төрт адам медициналық көмекке жүгінді.