Ол 30 тамыз күні SUP бортымен су бетінде серуендеп жүрген
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында SUP бортына мініп, серуендеп жүрген әйел адамды жел жағадан 40 шақырым жерге алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 1966 жылы туған әйел құтқарылды. Ол 30 тамызда SUP бортына мініп бара жатып, желдің екпіні оны жағадан алысқа ұшырды.
«Ол оқиға орнынан 40 шақырым жерде табылды. Әйел есін жиды, оны жағаға шығарып, қажетті медициналық көмек көрсетті», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Іздестіру-құтқару жұмысына Төтенше жағдайлар министрлігінің 106 адамы, 29 бірлік техникасы мен 5 су көлігі, сондай-ақ еріктілер ұйымдары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары екпінді желге байланысты қиындады.
ТЖМ еске салады: