Зілзаладан 800-ден астам адам қаза тапқан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда болған зілзала салдарынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі салдарынан:
BBC және Reuters агенттіктерінің хабарлауынша, кейбір шалғай ауылдар мүлде қирап, ондаған тұрғын қаза тапқан. Мысалы, бір ауылда кемінде 20 адам, ал басқа ауылда алдын ала мәлімет бойынша 30 адам көз жұмған.
«Құтқарушылар ауыр жараланғандарды Нангархар әуежайынан тікұшақпен аймақтық ауруханаларға жеткізіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, құтқару жұмыстарына әскерилер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шарафат Заман.
Ауғанстан билігі халықаралық гуманитарлық ұйымдарды құтқару жұмыстарына қатысуға шақырды. Бұған дейінгі су тасқындары мен көшкіндер өңірде қауіптің жоғары екенін көрсетеді.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтып, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырған.