Мамандар баланы жаңа оқу жылының тәртібіне бейімдеу тек оқу құралдарын сатып алумен шектелмейді дейді
Қазақстандық дәрігерлер мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау үшін ата-аналарға маңызды ұсыныстар жасады. Мамандардың айтуынша, баланы жаңа оқу жылының тәртібіне бейімдеу тек оқу құралдарын сатып алумен шектелмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жазғы еркіндіктен оқу тәртібіне біртіндеп көшуі маңызды екенін атап өтті.
Мамандар кеңесі:
«Мектеп режиміне қайта оралу жаздың соңынан басталғаны дұрыс. Бұл балалардағы стрессті азайтады әрі денсаулықты сақтауға көмектеседі», – дейді мамандар.
Дәрігерлердің айтуынша, дұрыс ұйымдастырылған күн режимі оқушылардың шаршауын азайтып, жүйке жүйесін нығайтады.
Күн тәртібінің негізгі бөліктері:
Сонымен қатар баланың тәуліктік физикалық белсенділігі кемінде 2 сағат болуы тиіс. Бұл – таңғы жаттығуды және серуенді қоса алғанда.
Мамандардың кеңесі бойынша, оқушылар күніне 4–5 рет тамақтануы керек, аралығы 3,5–4 сағаттан аспауы қажет. Ұйқының жеткілікті болуы оқу үлгерімі мен психологиялық тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.
Дәрігерлер қазіргі балалардың экран алдында тым көп уақыт өткізетінін атап өтті.
Міндетті шектеулер:
Сонымен қатар ата-аналарға «цифрлық ережелер» орнату және балаларға үлгі болу ұсынылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, 5–17 жас аралығындағы балалар күніне кемінде 60 минут белсенді қимыл-қозғалыспен айналысуы керек. Бұл жүрек-қантамыр жүйесін нығайтып, оқу қабілетін арттырады.