Іле Алатауына шыққан турист аяғын қайырып, жарақат алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Алматы облысында турист жарақат алды

Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысындағы Іле Алатауы тауларында Советов шыңынан түсу кезінде турист аяғынан жарақат алып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар жедел көмек көрсетті

Хабар түскен соң арнайы топ бір сағат ішінде Гераниево алаңында зардап шеккен адамды тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін туристі жедел жәрдем бригадасы күтіп тұрған таудың етегіне жеткізді.

ТЖМ ескертеді

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығу – жеңіл сынақ еместігін еске салады. Туристерге сапар алдында жақсы дайындалып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.