Ақтауда мылтық асынып, көше кезіп жүрген ер адам жұрттың зәресін алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Полицейлер жергілікті тұрғыннан қару тәркіледі

Фото: Маңғыстауы облысы ПД

Ақтауда өткен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жергілікті тұрғыннан заңсыз қару тапты. Оқиға түнде 32А шағын ауданында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куртка қалтасынан қару шықты

Тексеру кезінде азаматтың жеке заттарын қараған тәртіп сақшылары оның ішкі қалтасынан ақ пакетке салынған 16-калибрлі аңшы мылтығының шолақ нұсқасын анықтады. Қару дереу тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.