Ол 15 шақырым жерден табылды
Жетісу облысында 83 жастағы зейнеткер мал жайып жүріп, үйіне оралмаған. Қарияны полиция, құтқарушылар және еріктілер бірлесіп іздеп, тау арасынан тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Панфилов ауданында болған. Қария таңертең мал бағуға шығып, кешке дейін оралмаған соң туыстары полицияға хабар берген.
Іздеу жұмыстарына:
Тау бөктерлерін қарау үшін дрондар қолданылды, өйткені кей аумақтар жаяу жүруге қиын болды.
Жоғалған азамат Сарыбел ауылынан 15 шақырым жерден табылды. Оның жағдайы қалыпты, медициналық көмек қажет болмаған. Полицейлер қарияны үйіне жеткізіп, оны туыстары қарсы алды.
«Қарт кісілерге, әсіресе шалғай ауылдық жерлерде қамқорлық танытып, уақытылы қадағалап отырған жөн. Қауіпті жағдай туындаса, бірден «102» нөміріне хабарласу қажет», – деп ескертті облыстық полиция департаменті.
Соңғы жылдары Қазақстанның әр аймағында жасы ұлғайған адамдардың жоғалу фактілері жиі тіркеліп жүр. Мамандардың айтуынша, бұл көбіне:
Сондықтан құтқарушылар ауыл тұрғындарына қарт адамдарға ерекше назар аударуға кеңес береді.