Жолаушыларды 12 метрлік заманауи электр автобустары тасымалдайды
Алматыда қалалық қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту аясында жаңа №90 бағыттағы электроавтобустар іске қосылады. Олар Наурызбай ауданындағы екі шағын ауданды қала орталығымен байланыстырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматыэлектротранс» компаниясының мәліметінше, №90 маршрут 2 қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Бағыттың негізгі желісі:
Бұл жаңашылдық Қалқаман және Шұғыла шағын аудандарының тұрғындарына қала орталығына ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді.
Жолаушыларды 12 метрлік Golden Dragon маркалы заманауи электр автобустары тасымалдайды. Олар:
Маршрутта жалпы 25 электроавтобус қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр.
Соңғы жылдары Алматы әкімдігі жасыл көлікке көшу саясатын белсенді түрде дамытып келеді. Қалада қазірдің өзінде бірнеше бағытта газбен жүретін және электр қуатымен қозғалатын автобустар қатынауда.
«Электроавтобустардың саны артып келе жатыр. Бұл тек экологияға емес, қала тұрғындарының күнделікті өмір сапасына да оң әсер етеді», – дейді көлік саласының сарапшылары.