Қылмыстық жауапкершілік күшейеді
Қазақстандық полицейлер интернет-алаяқтардың құрбандары арасында жастар саны көбейіп бара жатқанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, соңғы сегіз айда интернет-алаяқтардың құрбандарының жасы айтарлықтай төмендеген.
Киберқылмыстарда алаяқтар «дроптарды» жиі пайдаланады. Бұл туралы департамент басқармасының бастығы Асет Жүкенов түсіндірді.
«Бұл – қарапайым азаматтар. Олар әртүрлі себеппен өздерінің банк карталарын қылмыскерлерге береді. Кейін осы карталар арқылы ұрланған ақша заңсыз түрде айналымға енгізіледі», – деді ол.
ІІМ еске салды: 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіледі. Енді:
Максималды жаза – жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру.