Тоқаев Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Автор: Асыл Арман

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.