Дональд Трамптың мезгілсіз қазаға ұшырағаны рас па: Ақ үй шұғыл мәлімдеме жасады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әлеуметтік желіде Трамптың қайтыс болғаны туралы қауесеттер тарады

Фото: AP Photo / Mark Schiefelbein

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың өмірден өтті деген хабарларды жоққа шығарып, jның дені сау екенін мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Axios басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың жағдайы жақсы, гольф ойнауға шықты

Бұл жайында басылымға әкімшілік ішіндегі дереккөздер айтқан.

«АҚШ президентінің денсаулығына қатысты ешқандай проблема жоқ, ол өзін жақсы сезінеді және бүгін таңертең гольф ойнауға шығады», – деп келтіреді портал анонимді әңгімелесушінің сөзін.

Әлеуметтік желідегі қауесеттер

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Трамптың қайтыс болғаны туралы қауесеттер тараған болатын. Олар соңғы күндері президенттің әлеуметтік желілерде белсенділік танытпағанымен және оның қолының сыртқы жағында көгерген іздер жиі байқалуымен байланыстырылған.

Көгерулерге қатысты ресми түсініктеме

17 шілдеде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт дәрігерлер АҚШ президентінен созылмалы веноздық жеткіліксіздікті анықтағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, президенттің аяқтарының төменгі бөлігінде ісіну байқалып тұрады, сондай-ақ қолының сыртқы жағында ұсақ көгерулер кездеседі. Бұл жиі қол алысып амандасудан және аспирин қабылдаудан кейін жұмсақ тіндердің тітіркенуіне байланысты пайда болады.