29.08.2025, 09:46
Жаңалықтар
Актөбе облысында бір түнде есірткіге мас күйде көлік жүргізген үш жүргізуші ұсталды
Олар енді бес жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: freepik.com
Актөбе облысында полиция қызметкерлері бір түнде есірткілік масаң күйде көлік жүргізген үш жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, олардың барлығы осыған дейін дәл осындай ісі үшін жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылған.
Есірткіге масаң күйде ұсталған жүргізушілер:
- Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылында Chevrolet автокөлігін тізгіндеген 23 жастағы жүргізуші тоқтатылды.
- Эмба қаласында HOWO жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды.
- Мұғалжар ауданының Жұрын станциясында Nissan көлігін басқарған 35 жастағы азамат анықталды.
Аталған азаматтардың барлығы бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, есірткілік мас күйде көлік жүргізген.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оларға өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 11:43
Алдын-ала кесте: 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды