Қазақстандық студенттердің стипендиясы қалай өседі
2025 жылдың қыркүйек айында әртүрлі білім деңгейіндегі студенттердің стипендия мөлшері артады

Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық студенттердің стипендиясы дәстүрлі түрде өседі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, 2025 жылдың қыркүйек айында әртүрлі білім деңгейіндегі студенттердің стипендия мөлшері артады.
«2020 жылмен салыстырғанда стипендия көлемі іс жүзінде 2 есеге өсті. Биыл 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттерінің стипендиясы 52 372 теңге болады, оның ішінде педагогикалық мамандықтар – 84 мың теңге. Магистранттар үшін – 117 098 теңге, ал докторанттар үшін – 262 500 теңге көлемінде белгіленді», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова бейсенбі күні ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінгенін, оның 77 мыңнан астамы жоғары білімге арналғанын атап өтті.