Павлодар облысында жыл басынан бері зорлық-зомбылық бойынша тұрғындардан 3,5 мыңнан астам хабарлама түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
7 айда көрсеткіштер
- отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 3500-ден астам өтініш түскен;
- 2768 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
- 3052 құқық бұзушы профилактикалық есепке қойылды;
- 64 қылмыстық іс қозғалды.
Акция аясындағы шаралар
- әйелдерге құқықтық және психологиялық көмек көрсету;
- тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу;
- алкогольдік ішімдіктерден туындайтын жанжалдарды анықтау;
- профилактикалық әңгімелер өткізу;
- ақпараттық буклеттер тарату.
Полиция қызметкерлері азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа үндемей қалмауға кеңес береді.
Қажет болған жағдайда:
- 102 – полиция кезекші бөлімі
- 150, 111 – сенім телефондары
Акция 2025 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.