$ 537.76  627.62  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады

Астанадағы инновациялық базада 1700-ден аса ІТ-компания шоғырланған

Астанада халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады
Фото: freepik.com/ЖИ арқылы жасалды

Биыл күзде Астанада AlemAI халықаралық жасанды интеллект орталығын ашу жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап.

Astana Hub кластері – Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық база. 1700-ден аса ІТ-компания шоғырланған.

«Былтырғы инвестиция 700 млн доллардан, ал ІТ қызметінің экспорты 650 млн доллардан асқан. Сондай-ақ жыл сайын 10 мың азаматты қамтитын Tech Orda, TUMO және Tomorrow School білім беру жобалары іске асырылып жатыр», - деп атап өтті телеарна.

Тағы Google for Startups серіктесімен бірге акселерация бағдарламасы қолға алынған.

Әлемдік нарықтағы отандық компаниялардың әзірлемелері қатарында мемлекеттік секторға АІ-шешімдер әзірлейтін зертхана бар. Qalan атты Қазақстанда және шетелде 1 миллионнан аса оқушы пайдаланатын математика пәнінен білім беру платформасы да осында.

inDrive жолаушы және жүк тасымалы, жеткізу қызметін ұсынатын жаһандық алаң да кіргізілген. KazDream ұлттық қауіпсіздік, шекаралық бақылау және киберқорғау салаларында жұмыс істейтін жобалармен қамтылған.

Серіктес жаңалықтары