$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда блогер үш жылға сотталып кетті

Сондай-ақ сот оған бес жыл бойы интернет ресурсты пайдалануға тыйым салды

Атырауда блогер үш жылға сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Атырау қалалық соты Takitok лақап атымен танымал жергілікті блогерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Қыз онлайн ұтыс ойындары мен акциялар ұйымдастырып, оқырмандарына тұрмыстық техника, зергерлік бұйымдар сыйлаймын, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетемін деп уәде еткен.

«Қатысу үшін ақша аудару қажет болған, бірақ жүлдені ешкім алмаған. Тергеу барысында 68 жәбірленуші анықталды, келтірілген шығын көлемі бірнеше мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін барады», - деп жазды басылым.

Сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі «Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық» бойынша кінәлі деп таныды. Ол 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот сотталған әйелге бес жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға және интернет ресурсты пайдалануға тыйым салды. Бұл бостандыққа шыққаннан кейін де оның әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізе алмайтынын және қоғамдық жобаларға қатыса алмайтынын білдіреді.

Еске сала кетейік, Астанада атышулы блогер жанжал тудырған контент үшін қамауға алынды. Ол әлеуметтік желіде жариялаған бейнероликтерінде адамдарға тиіскен, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Серіктес жаңалықтары