Тоқаев Молдова халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Автор: Асыл Арман

Ол Молдова президентіне құттықтау жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.