Ақтауда үш жасар баланың үстіне аттракцион элементінің құлап кетті: орталық мәлімдеме жасады

Автор: Асыл Арман

«Saya Park» әкімшілігі балаға аттракцион элементінің құлауына қатысты пікір білдірді

Фото: Lada.kz

Ақтауда «Saya Park» ойын-сауық орталығының әкімшілігі серуендеуге келген баланың үстіне аттракцион элементінің құлауына байланысты жағдайға түсініктеме берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық өкілдерінің айтуынша, тексеріс нәтижесінде құлаған зат тірекке немесе металл конструкцияларға қатысы жоқ, жұмсақ төсеніш екені анықталды.

«Aktau Mall» ЖШС-нің бас директоры Меруерт Тұрдиева атап өткендей, бұл элемент баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеген.

«Соған қарамастан, жалға алушымен және техникалық мамандармен бірлесіп, барлық ойын алаңдарының жағдайына бақылауды күшейттік, қызметкерлерге қосымша нұсқаулық өткіздік және барлық конструкцияны профилактикалық тексерістен өткіздік. «Saya Park» бүкіл отбасы үшін барынша қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға қажетті барлық шараны қабылдауды жалғастырады», – деді Турдиева.

Еске сала кетейік, 21 тамыз күні «Saya Park» аумағында орналасқан «Apollo» балалар ойын орталығында үш жасар балаға салмағы шамамен 50 келі болатын аттракционның техникалық элементі құлап кеткен болатын.