Қазақстанда жыл басынан бері 900-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

Автор: Асыл Арман

Павлодарда мас жүргізуші тағы да ұсталды

Фото: istockphoto.com

Павлодарда полиция қызметкерлері ВАЗ-21075 автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің мас күйінде көлік руліне отырғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Медициналық куәландыру күдіктіде алкоголь барын растады. Тергеу барысында оның бұрын да заң бұзғаны белгілі болды: 2022 жылдың қарашасында сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған (2029 жылдың қарашасына дейін). Соған қарамастан, ол қайтадан рульге отырған.

Мас жүргізушілердің жолын кесу

Полиция дерегінше, жыл басынан бері елімізде 900-ге жуық мас жүргізуші ұсталған. Мұндай әрекеттердің қайғылы жол апаттарына әкелетіні жиі қайталанып отыр.

Полиция ескертеді

Құқық қорғау органдары тұрғындарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. Егер мас адамның көлік жүргізгенін көрсеңіз, бірден «102» нөміріне хабарлау қажет.

Ішкі істер органдары атап өткендей, «Заң және тәртіп» қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты негізі болып қала береді. Ал заң бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.