Оқиға 22 тамыз күні болғаны анықталды
Павлодар облысында екі көлік бір-біріне соғылып, төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаны облыстық Полиция департаменті растап, ресми пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, 22 тамызда Nissan Qashqai автокөлігінің жүргізушісі бұрылыс кезінде Hyundai Lafesta көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 жолаушы ауруханаға жүгінді. Тексеру жүргізіліп жатыр.
Павлодар облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.