«Құттықтап қойыңыздар»: Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығын бөлісті

Автор: Алмас Ерсін

Әзілкеш өз өмірін мысалға келтіре отырып, ешқашан үміт үзбеуге шақырды

Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Белгілі әзілкеш Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында әлемдік киноның басты рөлін сомдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ей, сен тамада емессің бе?! Сен актер бола алмайсың дегендер болды. Алайда осы күнге дейін 10 киноға түсіп, оның үшеуін өзім түсірдім», - деп атап өтті әзілкеш.

Сондай-ақ ол оқырмандарына айтар қуанышты жаңалығы бар екенін мәлімдеді.

«Мен әлемдік киноның басты рөліне өттім. Құттықтап қойсаңыздар болады», - деп жалғастырды Отарғалиев.

Әзілкеш өз өмірін мысалға келтіре отырып, ешқашан үміт үзбеуге шақырды.

«Сол себептен дәл қазір сізге біреу сенбей жатса, ол еш нәрсені білдірмейді. Ең бастысы үміт үзбеңіздер», - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Жахан Отарғалиев бір ауыз жылы сөз адам өмірінің өзгеруіне себеп болғанын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз: Жахан Отарғалиевке жары тосын сый жасап, оның көңілін босатты