Қазақстанда сиыр еті орташа 3 105 теңгеден сатылып жатыр
Екінші апта қатарынан әлеуметтік тауарлар бағасының орташа индексі 0% деңгейінде сақталып отыр. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен апта сайынғы кеңесте айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше өткен аптада бірқатар тауар бағасы төмендеген, атап айтқанда:
Сиыр еті нарығындағы жағдай бөлек қаралды. Апталық баға 0,8%-ға өскен, жыл басынан бері жиынтық өзгеріс 20,2%-ды құрады.
«Қазақстанда сиыр еті бәсекеге қабілетті: елдегі орташа баға бір кг үшін 3105 теңгені құрайды, бұл ЕАЭО елдері мен Өзбекстанға қарағанда төмен. Бұл ретте көрші елдер тарапынан сұраныс тұрақты жоғары екенін атап өту керек», - деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Келесі маусымда картоп бағасының өсуін алдын алу үшін Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және картоп өсірушілер одағымен бірлесіп тұрақты жеткізілімдер мен бағалар туралы меморандум дайындауда.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің мәліметінше, 22 тамыздағы ақпарат бойынша:
Сондай-ақ кеңесте тұрақтандыру қорларын бақылау үдерісін цифрландыру бойынша бастама көтерілді. Серік Жұманғарин бұл бастаманы қолдап, өңірлерге оны енгізу тетіктерін пысықтауды тапсырды.