Астанада Иордания королінің ресми сапарына байланысты бірқатар көше жабылады

Автор: Асыл Арман

Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеме жасады

Фото: ЖИ/ChatGPT арқылы жасалды

Астанада Иордания королі Абдалла II бен әл-Хусейннің ресми сапарына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дайындық шаралары аясында арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстары пайдаланылатын болады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарағаны жөн», – делінген хабарламада.