Астанадағы автобус апаты: салонда LRT жұмысшылары болған

Автор: Асыл Арман

Олардың арасында Қытай азаматтары болған

Фото: Видеодан скрин

Астанада жол жиегіне шығып, апатқа ұшыраған автобустың ішінде LRT құрылысында жұмыс істейтін жұмысшылар отырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

CTS баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус мердігер тарапынан жалға алынған. Жолаушылардың арасында Қытай азаматтары болған.

Оқиға автобус құрылыс нысанына бара жатқан сәтте болған.

Жалпы автобуста 14 адам болған. Олардың ішінен тек бір жұмысшы қазір медициналық көмекті қажет етіп отыр. Ол №2 көпсалалы ауруханада жатыр.

Еске сала кетейік, 25 тамыз күні таңертең Кабанбай батыр даңғылында автобус жолдан шығып, кюветке түсіп кеткен болатын.