Жалынның жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрады
Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Жақсымай ауылдық округіне қарасты Шұбарқұдық ауылында тұрғын үйлердің бірінің ауласында 400 пресс шөп (шамамен 8 тонна) және шаруашылық құрылысы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалынның жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрады.
«Оқиға орнына ең алғаш ауылдық өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жетіп, тілсіз жаудың таралуына жол берген жоқ. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомство ауылдық өрт сөндіру бекеттерінің тиімділігін атап өтті. Қазіргі таңда олар төтенше жағдайлар кезінде алғашқы болып көмекке келіп жүр.