Әншінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың жастық шағында түріктің әйгілі әншісі Тарканның әнін орындаған сәті желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз Тарканның танымал болған «Kiss kiss» әнін конкурстардың бірінде балерина Сәуле Рахметовамен бірге орындайды.
Мейрамбек Бесбаевтың бұл әні желі қолданушыларын күлдіріп алды.
«Мәкең бұны да жүрекке салып тұр ғой», «Таркан бір жылап алған шығар», «Түрікше өлеңді өзбекше қылып айтып берген екен», «Мейрамбек жас кезінде Росомаха болыпты ғой», «Шіркін, өтірік болса да жүрекпен айтып тұр ғой», «Қой дейтін болмапты ғой», – деп жазды желі қолданушылары.