Алматы тауларында бірнеше гектар жер өртеніп кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Алматы маңындағы тауларда шөп өртеніп жатыр

Көрнекі фото: Euronews

Алматы тауларында бірнеше гектар жер өртеніп кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт Үшқоңыр тауларында болған. Өңірлік ТЖД мәліметінше, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылының жанындағы тауларда шамамен 10 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұталар жанған.

Оқиға орнында әрекеттерді үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, 28237 әскери бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы 81 адам және 12 техника жұмыс істеуде.

Ведомствоның мәлімдеуінше, жағдай бақылауда. Елорды елді мекендерге қауіп жоқ.