Ақтөбеде өрт кезінде 1 адам құтқарылды
Ақтөбеде Алматы ауданының Есет батыр тұрғын алабында құрылыс дүңгіршегінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел жеткен өрт сөндірушілер түтін басқан дүңгіршектен 1 адамды құтқарды. Құтқарылған адам күйік алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Қызыл жалын 2 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталады.